Зияткерлік олимпиада (IQ games)
2017 жылдың 5 желтоқсанында әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының мәжіліс залында «Дәрілік түрлер технологиясы» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедралары мен колледж студенттері арасында "IQ games" интеллектуалды ойынын өткізді.
Интеллектуалдық ойынға арналған сұрақтарды «Дәрілік түрлер технологиясы» кафедрасының оқытушысы Алтынбекова А.А. құрастырды және жүргізді.
Интеллектуалдық ойынның мақсаты:
- логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
- материалды жалпылау және талдау қабілеттерін дамыту;
- зейінді қабылдау, бөлу және шоғырландыру жылдамдығы мен дәлдігін дамыту;
- сауаттылықты, білімге, шығармашылыққа қызығушылықты дамыту.
Интеллектуалдық ойынға келесі командалар қатысты:
1. Фармацевтика факультетінің 5 курс студенттері «Академиктер»
2. Колледж студенттері «Комета»
3. Фармацевтикалық факультетінің 2 курс студенттері «Фармаки»
4. 1 курс студенттері «Патологтар»
5. 1 курс студенттері «Алмаз»
5 команда іріктеу кезеңінде орта деңгейдің жалпы логикалық сұрақтарына жауап берді, содан кейін 3 команда жартылай финалға өтті. Жартылай финал жоғары деңгейдегі сұрақтармен 2 кезеңнен тұрды.
«Дәрілік түрлер технологиясы» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Сағындықова Б. А., «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі т. ғ. к. Әшіров Ш. А., әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының бас маманы Баймбетова Б. осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, белсенді қатысқаны үшін барлығына алғыс білдірді.
Интеллектуалдық ойынның қорытындысы бойынша орындар беріліп, сертификаттар табысталды:
1 орын - «Патологтар»
2 орын - «Академиктер»
3 орын - «Фармаки»
«Үздік капитан» - Омарова Әсел
«Үздік ойыншы» - Алесов Шамиль
«Үздік зияткер» - Каримов Элим
