«Өзін өзі басқару ұйымдары» арасындағы I форум
2022 жылдың 21 қыркүйек күні ОҚМА АҚ Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары мен бірлесіп «Шымкент қалалық ЖОО-дағы «Өзін-өзі басқару ұйымдары арасындағы» ынтымақтастық және тәжірибе алмасу бағытындағы» бірінші форумы өткізілді. Форум мақсаты: жоғары оқу орындарындағы тәрбие жүйесін жетілдіру; оқу орны студенттері арасындағы дебатты дамыту; еріктілікті дамыту; студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының бірегей форматын қалыптастыру. Форумға «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы Е.А.Жүнісбек, Өзін-өзі басқару жүйесін дамыту жобасының жоба менеджері Е.Д.Байжігітов, Ж.Ташенов атындағы университеті, Орталық Азия Инновациялық университеті, Шымкент Университеті, Мирас Университеті, Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы Университеті, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, академияның тәрбие және жастар саясатына жауапты мамандары мен белсенді студенттер катысты. Іс-шараны Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім ашып берді. Ары қарай белсенді студентіміз Әліайдар Аружан «Болашақ АЖО» құрылымы жайлы мәлімет берді. Барша ЖОО-дары осы бастаманы көтерген ОҚМА АҚ ұжымына зор алғыстарын білдірді. Өткізіліп отырған форум студенттерімізге жаңа серпін мен жаңа жетістіктерге жол ашатынына сеніміміз мол!