Өзіңді туберкулезден қорға

Туберкулез бүкіл әлем халқының денсаулығына таралу кеңдігінің жоғарылығына байланысты өте үлкен қауіп төндіреді және ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Барлық жұқпалы аурулардың ішінде, әсіресе қауіпті топтар (АИТВ-жұқтырғандар, мигранттар, әлеуметтік-қорғалмағандар, сотталғандар) арасында туберкулез ауруы өлімге себепкер ретінде бірінші орында тұрады. Студенттер туберкулезбен ауыратындардың ішінде бөлек әлеуметтік топты құрайды.

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы фармацевтикалық факультеті және медициналық колледж студенттеріне арнап «Өзіңді туберкулезден қорға» тақырыбында кезекті тәлімгерлік сағатын өткізді.

Студенттерге «Жастар денсаулығы орталығының» маманы М.А. Искакова туберкулездің симптомдары, себептері және аурудың алдын-алу жолдары жайлы ақпарат беріп, нәтижесінде студенттер арасында «Туберкулез жайлы не білесіз?» атты сұрақ-жауап жүргізді.

Клиника-диагностикалық зертханасының меңгерушісі Л.М. Бейсебаева осы инфекцияның әртүрлі формалары, басқа ішкі ағзаларды бұзуы (жұлын жүйесі, бас миы, бүйректерді), өту себептері, қоздырғыштың морфологиялық ерекшеліктері арқылы (микроскопиялық зерттеу, ренгеноскопия және т.б.) халықтың әлеуметтік әлсіз категориясы арасында анықтау, өзін-өзі емдеу кезіндегі асқынулар, кейбір препараттардың дәрілік тұрақтылығы, аурудың алғашқы кезеңіндегі емдеу, аурудың алдын-алу, салауатты өмір салтын жүргізу, жеке гигиена және тамақтану режимі жайлы ақпараттар жеткізді.

818 1

Врач-эпидемиолог Л.О. Байконсова туберкулездің даму механизмі, таралуы және аурудың өтуі жайлы презентация ұсынды, туберкулез жайлы эпидемиялық жағдаймен таныстырып, Қазақстан және бүкіл әлем бойынша туберкулездің таралуы мен аурудың әлеуметтік мінездемесін түсіндірді.

818 2 

Академияның медициналық бекетінің мейірбикесі Р.Ф.Волкова жеке және жалпы гигиенаның сақталуы, өз уақытында дұрыс тамақтану, жыл сайын жүргізілетін флюорографиялық зерттеу жайлы айтып өтті.

Тәлімгерлік сағаттың қорытындысы ретінде 501ФКА, ФКБ тобы студенттері осы аурудың қоздырғышы, өту деңгейі, алдын-алуы, туберкулезбен ауыратын адаммен байланыс болған кезде өзін-өзі қорғау ақпараттары жайлы видеофильм көрсетіп, өзара талқылады.

818 3

Қазіргі таңда туберкулез мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Студенттер арасында туберкулезбен аурудың алдын-алу, ең маңыздысы аурудың қайталануын болдырмау мақсатында санитарлық-ағартушылық жұмыстарды бағытталған түрде жүргізу тиіс. 

25.09.2016, 22:41
390 қаралым