Жылдың үздіктері анықталды!

2021 жылдың 27 мамыр күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен, студенттік кәсіподақтың қолдауымен жыл сайынғы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында өткізілген дәстүрлі «Үздік жастар премиясы- 2021» байқауы өткізілді.

1707 1

Үздіктерді анықтаудың негізгі талаптары үлгерімі, тәртібі, республикалық, облыстық, жергілікті жетістіктері басты назарға алынды. Сонымен қатар, байқау жеңімпаздарын анықтауды жүргізу «ОҚМА» студенттері арқылы, Telegram әлеуметтік желісі арқылы өткізілді. Дауыс беру 25-26 мамыр аралығында өткізіліп, 26 мамыр сағат 18-00 де тоқтатылып, қорытындысы осы каналда скриншот арқылы жарияланып, марапаттау 27 мамырда өтті.

1707 2

Байқау қорытындысы бойынша: «Үздік ұйым» номинациясын «Jas Otan» ұйымы, «Үздік ұйым басшы» жалпы медицина факультетінің 2 курс студенті Әбдіғаппар Ерден, «Үздік көшбасшы» фармация факультетінің 3 курс студенті Каскаров Әділет, «Үздік студенттік декан» жалпы медициная факультетінің 2 курс студенті Пірімқұл Абай, «Үздік әлеуметтік-медиа менеджері» жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті Нұрмахан Ажар, «Үздік жас ғалым» жалпы медицина факультетінің 4 курс студенті Мамедова Асия, «Үздік магистрант» ғылыми клиникалық жұмыстар докторантура және магистратура студенті Өтебай Дінмұхаммед, «Үздік ерікті» фармация факультетінің 1 курс студенті Бейсек Жанерке, «Үздік спортшы» фармация факультетінің 5 курс студенті Сақбаев Исабек, «Үздік бітіруші» жалпы медицина факультетінің 5 курс студенті Ақжол Дархан, «Үздік студент» емдеу ісі факультетінің 1 курс студенті Құлан Сара иеленді.

Жеңімпаздар арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім жеңімпаздарды құттықтап, оқу мен қоғамдық өмірде сәттілік тіледі.

28.05.2021, 06:13
457 қаралым