Жылдың үздіктері анықталды!

Ағымдағы жылдың сәуір айында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен, студенттік кәсіподақтың қолдауымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына және Еріктілер жылына орай, жыл сайынғы байқау «Үздік жастар - 2020» премиясы өткізілді.

1538 1

Мықтылардың мықтысы төмендегі номинациялар бойынша бақ сынасты: «Үздік топ», «Үздік топ басшы», «Үздік студент», «Үздік магистрант», «Үздік ерікті», «Үздік спортшы», «Үздік бітіруші», «Үздік ақпараттық-технологиялар менеджері», «Үздік пікірсайысшы», «Үздік әлеуметтік-медиа менеджері», «Үздік ұйым», «Үздік жас ғалым», «Үздік көшбасшы», «Үздік 1 курс студенті». Биылғы байқаудың ерекшелігі Еріктілер жылына орай, «Үздік ерікті» номинациясына жыл бойы талмай еңбектеніп, өздерін жоғары дәрежеде көрсеткен үш студентке берілді.

1538 2

Үздіктерді анықтаудың негізгі талаптары үлгерімі, тәртібі, республикалық, облыстық, жергілікті жетістіктері басты назарға алынды. Сонымен қатар, байқау жеңімпаздарын анықтауды жүргізу «Болашақ» жастар орталығының белсенділеріне тапсырылып, Instagram әлеуметтік желісі арқылы өткізілді. Үміткерлерге конкурстық құжаттар дайындалып, суреттері қойылып, содан кейін ғана дауыс беруге жіберілді.

1538 3

Жеңімпаздар мамыр айында арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім жеңімпаздарды құттықтап, оқу мен қоғамдық өмірде сәттілік тіледі.

1538 4

06.06.2020, 13:19
317 қаралым