Журналдық клубы

2022 жылдың 15 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық факультетінде және АҚ ОҚМА «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасында Журналдық клубының отырысы өтті, онда ғылыми жариялымдарға сыни талдау жүргізілді. Журнал клубына қатысушылардың басты назары басылымдардың дәлелді базасының аспектілеріне аударылды. Зерттеу нәтижелерін көрсететін ғылыми мақалалардың едәуір бөлігінде жиі қолдануға жарамсыз ақпарат болды. Толық жарияланым нәтижелер мен қорытындылардың сенімділігін растайтын ең маңызды позициялардың егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтуы керек.

АҚ ОҚМА-нан «медицина» мамандығы бойынша білім алушы, магистрант Нақып Нұрғали Сакенұлы «Analysis of the article “Prevalence and Antimicrobial Resistance of Causative Agents to Ocular Infections”» тақырыбында жасалған презентациясын сәтті қорғап шықты.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық факультеті жұмысқа белсене атсалысқан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясын, Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтынан, Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтынан әріптестеріне, медицина және денсаулық факультетінің магистранттарына, докторанттарына ерекше алғыстарын білдіреді.

20.02.2023, 17:09
581 қаралым