Жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромының (ЖИТС) өзекті мәселелері

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс»-деп атап көрсеткен болатын. Осы бағдарламаны негізге ала отырып, «1-желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне» орай, «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасында 25.11.2021ж студенттік оффлайн конференция өткізілді. Конференцияның мақсаты: ЖИТС-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттерден барынша аулақ болуға шақыру.
Іс-шараға «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент м.а. Г.С. Садыкова, м.ғ.д., профессор Э.К. Бекмурзаева, оқу-ісі меңгерушісі Х.Т. Корганбаева., медицина ғ.м. М.Ә.Тасқынова., ассистенттер: Г.А. Токтарова және М.Б.Батхиева, сонымен қатар жалпы медицина мамандығының 3 курс студенттері қатысты.
«Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент м.а. Г.С.Садыкова конференцияны ашып, ЖИТС сұрақтарының өзектілігін, қоғам үшін қауіптілігін, алдын алудың маңыздылығын атап өтті. Студенттер өз кезегінде ЖИТС-тың эпидемиологиясы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын-алу шаралары туралы толыққанды, қызықты статистикалық ақпараттарымен бөлісті. Конференцияны тыңдауға келген студенттермен кері байланыс орнату мен ой сергіту мақсатында, іс-шараға қатысушы студенттер дайындаған сөз жұмбақтар, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер талданып шешілді.
Аталған іс-шараға арнайы шақырылған «Хирургия-1» кафедрасының м.ғ. магистрі, ассистент Б.О.Аширов, м.ғ. магистрі, ассистент Б.У.Пилалов ЖИТС-тың маңыздылғына тоқталып, өз пікірлерімен бөлісті.
Конференция м.ғ.магистрі, ассистент Э.О.Аманова жетекшілігімен ұйымдастырылды. Конференция соңында, «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының м.ғ.магистрі, ассистент Э.О. Аманова белсене қатысқан студенттерге ізгі тілектерін білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

29.11.2021, 22:48
517 қаралым