Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында Үндістан мен Қазақстанның достығы күні
2023 жылдың 6 қазанында жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында Қазақстан мен Үндістанның достығы күні өтті. Аталған іс-шараға 4 курс «Жалпы медицина» ағылшын тілді студенттері қатысты: В-ЖМША-05-20, В-ЖМША-06-20, В-ЖМША-07-20, В-ЖМША-08-20 және осы жылдан ағылшын тілінде оқытылуды бастап, жергілікті студенттерден құралған В-ЖМАА-09-20 тобы.
Іс-шараның мақсаты - екі елдің студенттерінің жақындасуы, ақпарат алмасуы, мәдени байланыс.
ҚР мен Үндістандағы түрлі жұқпалы аурулар туралы эпидемиологиялық жағдай бойынша және жүкті әйелдерде, балаларда, оңалтуда олардың клиникалық көрінісінің ерекшеліктерің көрсетіп, презентациялар мен постерлер дайындалды.
Қазақстан мен Үндістан халықтарының салт-дәстүрлері мен танымдық қызығушылықтарын дамыту мақсатында екі елдің басты мейрамдарын атап өту ерекшеліктері мен нәзіктіктерін көрсететін тұсаукесерлер дайындалды. Қатысушылар өздерінің ерлер мен әйелдердің ұлттық киімдерін көрсетті және әндер шырқалды, қонақтар мен студенттер үшін қызықты әрі мазмұнды болды.
Конференция соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды.