Жұмыс берушілердің қатысуымен дөңгелек үстел
2022 жылдың 15 қараша күні «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжінде орта медициналық білімі бар түлектерді даярлау бойынша жұмыс берушілердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға медицина колледжінің деканаты, кафедра меңгерушілері, Облыстық клиникалық аурухана, №1 Қалалық клиникалық аурухана, №3 қалалық емхана өкілдері және медицина колледжінің студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелде «Мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.м. Б.Д. Серикованың «Орта буын деңгейінде денсаулық сақтау саласына мамандарды даярлау» тақырыбында баяндамасы тыңдалды.
Сонымен қатар «Жүрек орталығының» аға мейіргері Ж.Е. Медетбекова «Шымкент жүрек орталығында мейіргер ісіндегі инновациялар» тақырыбында баяндама жасап, мейіргер мамандарының жұмысындағы жаңа технологиялардың маңызы мен рөлін атап өтті.
«ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледжі директорының м.а. Г.О. Мамбеталиева жұмыс берушілерді мерекелерімен құттықтап, Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов, Шымкент қаласының әкімі М.Д. Әйтенов, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Ж.А.Тажиеваның атынан, Меймашева Г.Б., Мұратбекова Қ.А., Иманалиева Ж.А. және Теңізбаев С.Т. алғыс хаттармен марапаттады.
Кездесу барысында түлектерді кәсіби қызметке дайындау бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Шараға шақырылған Облыстық клиникалық аурухананың бас мейіргері Мұратбекова Қ.А. дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығына жылы және шынайы лебіздерін білдірді.