ЖҮЛДЕГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ходжақулова Умида Абдывалыевнаны, «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» ассистенті, PhD студент, I Халықаралық форумда «Asfen. Forum, жаңа ұрпақ - 2023» II орын алуымен құттықтаймыз!
Форум барысында зерттеушілердің жұмыстары іріктеліп алынды, онда сарапшылар өзектілігін, әдістемесі мен тәжірибелік маңыздылығын бағалады. Әлемнің 20 елінен (Қытай, Ұлыбритания, Ирландия, Финляндия, Түркия, Словения, Индонезия, Оңтүстік Корея, Польша, Испания, Австрия, Нидерланды, Литва, Иран, Германия, АҚШ, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей) жас ғалымдар медицина саласындағы жобаларды ұсынды.

Форумда жастардың денсаулық сақтау саласына қатысу тақырыптары, ғылым, білім, тәжірибе және бизнесті интеграциялау шеңберінде денсаулық сақтау және білім беру жүйесін дамытудың жаңа мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланды.
Іс-шара жас ұрпақтың шығармашылық қызметін ынталандыру мақсатында академиялық қауымдастықтарды, зерттеушілер мен жас ғалымдарды денсаулық сақтау саласындағы ақпаратпен, тәжірибемен және зерттеу нәтижелерімен бөлісу үшін біріктіруге мүмкіндік берді.

Умида Абдывалыевнаға шығармашылық табыс тілейміз!

12.06.2023, 17:08
556 қаралым