ЖШС «СК-Фармация» Басқарма Төрағасы Н.Н. Алибаевтің Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясына сапары

2015 жылдың 19 қарашада бірыңғай дистрибуция мәселесі бойынша Шымкент қаласына жұмыс іссапары шеңберінде ЖШС «СК-Фармация» Басқарма Төрағасы Н.Н. Алибаев Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында болды.

640 1 1

Жоғары оқу орнына келу бағдарламасында ректормен кездесу, дәрілік өсімдіктерді зерттеу зертханасының, геномды зертхананың, клиникалық-диагностикалық зертхананың жұмыстарымен және «Фармация» мен «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша шығарушы кафедралардың жұмысымен танысу жоспарланды.

640 2 2

Шаралар күннің екінші жартысында «Химфарм» АҚ базасында жалғасты.

Шараға ЖШС «СК-Фармация» өкілі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармация академиясының ректоры мен проректоры, «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» басшысы С.Р. Мусинов, ОҚО бойынша медициналық және фармацевтикалық жұмысты бақылау Комитетінің басшысы Л.Р. Қышқынбаева, «ОҚО Фармацевтикалық және медициналық ұйымдары қауымдастығының» директоры Х.Д. Альжанова, Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының өкілдері, оның ішінде ОҚО бойынша да қатысты.

640 3 3 

«Химфарм» АҚ атынан қонақтарды зауыттың бас директоры Ижи Урбанец қарсы алды. Компания тарапынан SANTO  инвестициялық бағдарламасының жүргізілуіне шолу жасалды. 

Одан кейін АҚ «Химфармның» білім беру жобасы бойынша төрттарапты Меморандумға қол қою рәсімі, БАҚ-пен сұхбат, білім беру классының ашылуы мен ҒЗИО (ғылыми зертханаларды), жаңа ампула цехын таныстыру болды.

Бағдарламаға қатысып келушілер ОҚМФА-мен фармацевтикалық өндіріске мамандар дайындау мәселесі бойынша тығыз қарам-қатынас орнату керектігін айтты.

Бағдарлама шеңберінде АҚ «Химфарм» базасында оқыту класы презентацияланды, онда жоғары оқу орнының студенттері мен магистрантары білім алып, оқытушылары біліктілігін көтеретін болады.

640 4 4

Кездесу шеңберінде ОҚМФА, ҚР ДСӘДМ ШЖҚ РМК «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы», АҚ «Химфарм» және ҚР ҰКП «Атамекен» арасында ынтымақтастық қарым-қатынас бойынша Меморандумға қол қойылды, онда тараптар барлық мүдделі тараптардың маман дайындау, үздіксіз білім беру, дуалды білім беруді жүзеге асыру, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша қолдау көрсететіндігі келісілген.

23.11.2015, 06:16
511 қаралым