«ЖРВИ тұмау мен пневмококктық инфекцияның алдын алуға бағытталған «Сақтандыру. Қорғау. Екпе егу!» ұлттық бағдарламасы»

Тұмау және тұмау тәрізді аурулар барлық жұқпалы патологиялардың 90% құрайды және едәуір актуальді медициналық және әлеуметтік-экономиялық мәселе болып қалуда.  Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын мезгілдік эпидемия кезінде ересектердің 10% және балалардың 20-30% дейін тұмаумен ауырады, ал тұмаудан және оның асқынуларынан жыл сайын 250-500 мың адам көз жұмады. Шымкент қаласының Медициналық бірлестігі 1 қазаннан  бастап алдағы эпидемиялық мезгілге белсенді дайындықты бастады. 

1254 1

«ОҚМА» АҚ жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының қызметкерлері, магистранттары, резиденттері ОҚМА-да, ОҚМУ-де, сондай-ақ ОҚМА АҚ және ОҚМУ жатақханаларында оқыту бейнероликтерін көрсетіп ақпараттық акциялар, ашық сабақтар, дәрістер өткізді. 

1254 2

Бұл акцияның тыңдаушылары: колледж, бакалавриат студенттері және интерндер. Ойын түрінде викториналар өткізілді. Тыңдаушылар аталған іс-шараларға жоғары қызығушылық танытты. 

1254 3

Екпе егу арқылы алдын алу бойынша үлкен үгіттеу жұмыстары жүргізілді, себебі тұмауға қарсы екпе егу аурудың немесе оның ауыр салдарының алдын алудың ең эффективті жолы болып табылады. 60 жылдан астам уақыттан бері қауіпсіз және эффективті екпелер бар және қолданылуда. Сау адамдарда тұмауға қарсы екпелер ауруды болдырмауы, әлсіретуі және асқынулар дамуының және өлім жағдайларының санын азайтуы мүмкін.

1254 4

30.10.2018, 03:51
259 қаралым