ЖОО - серіктестермен бірлескен жұмыстың қорытындысы
Биыл екінші жыл серіктестік Келісім бойынша фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы И.М.Сеченев атындағы Бірінші МММУ (Мәскеу қ.) студенттерін «Дәрілік заттар сапасын бақылау» оқу-өндірістік тәжірибесін өту үшін қабылдады.
Студенттер өндірістік тәжірибе жұмыс бағдарламасына сай ҚР дәрілік заттар сапасын бақылауды регламенттейтін нормативті құжаттарымен танысты.
Тәжірибе өтушілер субстанцияларға, таблеткаларға, капсулаларға, иньек-цияға арналған ертінділерге, жақпа майларға, фитопрепараттарға толық фармакопеялық талдау жасады. Сонымен бірге, тәжірибе алушылар химиялық, физикалық, физика-химикалық талдау әдістерімен жұмыс жүргізу дағдыларын тереңдетіп бекітті.
Алғаш рет студенттер автоматтандырылған «Mettler Toledo T50» (Швейцария) титраторы, Фурье «Инфралюм ФТ-8» (Ресей) ИК-спектрометрі, «СФ-2000» (Ресей), «Apel PD-303S» (Жапония) спектрофотометрлері және КФК-3 «30М3» (Ресей) фотометрінде зерттелетін дәрілік заттардың идентификациясы мен сандық мөлшерін анықтау үшін жұмыс жасады.
«Clarity» бағдарламасымен жабдықталған «Sykam» маркалы жоғарғы эффективті сұйықтық хроматографта дәрілік препараттардың идентификациясы, сандық мөлшері мен тектес қоспалары және «еру» тестісі анықталды. Сонымен қатар, дәрілік заттардың идентификациясы мен тектес қоспаларын анықтау жұқа қабатты хроматография әдісімен де жүргізілді.
«Vision Bio» бағдарламасы бар «МТ 4000/МТ5000 Meiji Techno» биоло-гиялық микроскобында зерттелетін кристалды тұнбалардың түсі мен түрі, ұнтақтардың құрылымы және т.б. практиканттардың тәжірибелік дағдыларын тереңдетіп бекітті.
Практиканттардың ұсынысы бойынша биологиялық матрицадан бөлініп алынған дәрілік заттарға химия-токсикологиялық сараптама жасалынды. Осы мақсатта олар жаңа физика-химиялық әдістерді қолдана отырып, анықталатын заттарды биоматериалдан бөліп алып, шоғырландырып, әрі қарай сапалық және сандық талдау жасады.
Өндірістік тәжірибе өту мерзімі кезінде ҚР ДС және ӘД ғылым және адами ресурстарды дамыту Департаменті директорының ісін атқарушы А.К.Каптағаева академияға іс-сапармен келген еді. А.К.Каптағаева практиканттармен әңгіме барысында ЖОО-серіктестігі базасында академиялық ұтқырлықпен білім алуға мүмкіндік беретін заманауи білім беру жүйесінің артықшылығын атап өтті. Академия аймақтық болғанына қарамастан, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы мен жақсы жабдықталған материалдық-техникалық базасы негізінде, шетел жетекші ЖОО-ның студенттерін қабылдауға мүмкіндігі бар.
Стратегиялық ынтымақтастық және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры А.А. Ахметова білікті «Топ-100»-ге кіретін Ресей университетімен әрі қарай жұмыс жасай беретіндігіміз жөнінде тілек білдірді.
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі С.К. Ордабаева Бірінші МММУ-дың аттас кафедрасымен бұрынғы достық мерзімдері мен жұмыс нәтижелерін атап өтті. Сонымен қатар, екі кафедра бірлесіп «Дәрілік заттар сапасын бақылау» өндірістік тәжірибесі бойынша жұмыс бағдарламасы және оқу-әдістемелік құралы дайындалғанын айтып өтті.
Студенттерге арнайы Орталық Азияның тарихи қасиетті орындарына экскурсия ұйымдастырылды - Арыстан Баб кесенесі, Х.Ә. Яссауи кесенесі, Ақ Мешіт, сонымен қатар, қаламыздың барлық көрнекті жерлері көрсетілді.
Тәжірибе соңында студенттер өз әсерлерімен бөлісті, оқу-өндірістік тәжірибе жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын айта отырып, академиямыздың жоғарғы технологиялы аппараттармен жабдықталғанын, зертханалық жұмыстар кең көлемде жасалынатынына қызығушылық танытты.
Тәжірибе өтушілер фармацевтикалық талдауда практикалық дағдыларды бекіту өте жоғары кәсіби деңгейде өткізілуіне мүмкіндік бергені үшін ОҚМФА басшылығы мен фармацевтикалық және токсикологиялық кафедрасына алғыстарын жаудырды. Студенттер біздің академиямызда ұйымдастырылатын конференцияларға қатысуға, сондай-ақ ЖОО-серіктестік ынтымақтастық шеңберінде әр-түрлі тәжірибе жұмыстарын жалғастыруға ниет білдірді.