ЖОО арасындағы серіктестіктің бір бағыты – академиялық ұтқырлық
28.11.22 - 09.12.22 ж. аралығында фармакогнозия кафедрасына академиялық ұтқырлық шеңбері аясында Пятигорск медициналық-фармацевтикалық институтының фармакогнозия, ботаника және фитопрепараттар технологиясы кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор Коновалов Дмитрий Алексеевич және 05.12.22-09.12.22 ж. Ташкент фармацевтикалық институтының фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.д., доцент Фарманова Нодира Тахировна шақырылды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына "Фармация" білім беру бағдарламасы бойынша 3, 4, 5 және жеделдетілген 2 курс студенттеріне және "фармацевтикалық өндіріс технологиясы" білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенттеріне зертханалық сабақтар өткізу, білім алушылардың оқытушымен өзіндік жұмысына қатысу, аралық бақылау қабылдау, жобаға бағдарланған оқыту бойынша студенттердің аралық есебіне қатысу, сондай-ақ жыл сайынғы Халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысу кіреді.
"Құрамында фенолды қосылыстар бар дәрілік өсімдік шикізатын талдау", "құрамында алклоидтар бар дәрілік өсімдік шикізатын талдау", "құрамында флавоноидтар мен олардың гликозидтері бар дәрілік өсімдік шикізатын талдау", "құрамында антрацен туындылары бар дәрілік өсімдік шикізатын талдау", "құрамында таниндер бар дәрілік өсімдік шикізатын талдау"тақырыптары бойынша зертханалық сабақтар өткізілді,
Сонымен қатар дәрістер мен практикалық және зертханалық сабақтар, оның барысында берілген тақырыптар бойынша: "Құрамында фенолды қосылыстар бар дәрілік өсімдік шикізатын талдау", "құрамында алклоидтар бар дәрілік өсімдік шикізатын талдау", "құрамында флавоноидтар мен олардың гликозидтері бар дәрілік өсімдік шикізатын талдау", "құрамында антрацен туындылары бар дәрілік өсімдік шикізатын талдау", "құрамында таниндер бар дәрілік өсімдік шикізатын талдау" - толық талдау және зерттеу жүргізілді.
Дәрілік өсімдік шикізатын (ЛРС) фармакогностикалық талдау әдістері талқыланды, сондай-ақ шағын топтарда зертханалық тәжірибелер жүргізілді.
Оқытушылар биологиялық белсенді заттарды ДӨШ нан бөліп алу, сондай-ақ оларды анықтау жолдары туралы пікірталастар өткізді. Өсімдіктер тіршілігіндегі ББЗ физика-химиялық қасиеттеріне, жинақталуына және маңыздылығына тоқталды. Аудитория өте қызығушылық танытты және өздері үшін көптеген пайдалы ақпаратты атап өтті.
Жаңа оқу жылының басынан бастап ғылыми қызығушылықты арттыру мақсатында студенттерді жобалық-бағдарланған оқыту әдісі енгізілді. Коновалов Д. А. және Фарманова Н. Т. жобалық - бағдарланған оқыту нәтижелері бойынша студенттердің аралық есебін тыңдап, қызығушылық танытқан сұрақтар қойды, студенттерге шетелдік профессорлардың кеңестері мен ұсыныстары өте пайдалы болды.
Коновалов Д.А. және Фарманова Н.Т. 2022 жылғы 8 желтоқсанда Жас ғалымдар мен студенттердің "Биология, медицина және фармацияны дамыту перспективалары" атты IX Халықаралық ғылыми конференциясы аясында өткен "Табиғи дәрілік заттар және оларды қолдану перспективалары" секциялық отырысында модератор ретінде сөз сөйледі. Конференция барысында модераторлар сұрақтар қойып, баяндамашыларды бағалады.
Фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі К. К. Орынбасарованың жетекшілігімен кафедра ұжымы мен білім алушылар тәжірибе алмасуға, фармацевтикалық білім және ғылым саласындағы өз білімдерімен бөлісуге мүмкіндік берген үшін Д.А. Коноваловқа және Н.Т. Фармановаға зор алғыстарын білдіреді. Сізге зор денсаулық пен өркендеу тілейміз!
Фармакогнозия кафедрасының ұжымы фармация саласындағы құзыретті мамандарды даярлау шеңберінде ұсынылған мүмкіндік пен нәтижелі бірлескен қызмет үшін академия басшылығына үлкен алғысын білдіреді.