«Жоғары оқу орындарын интернационалдандыру: ЖОО халықаралық танымалдылығы»
2023 жылы ақпан айының 23-24 күндері Алматы қаласында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің ұйымдастыруымен өткен "Internationalization of Higher Education Institutions: International Visibility of HEIs" атты семинары өтті. Семинарға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының бірінші проректоры, профессор Есиркепов Марлен Махмұдұлы және 3 оқу жылының докторанты Ауанасова Акерке Төребекқызы қатысты.
Семинар күндері ЖОО интернационализациясының негізгі бағыттары бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Семинар барысында академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру, шетелдік ғалымдарды тарту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, семинар жұмысына ҚР-дағы АҚШ Елшілігінің, Еуропалық кеңестің және де British Council өкілдері қатысты.
British Council өкілдері осы ұйымның жетекшілігімен ұйымдастырылатын халықаралық бағдарламалар жайында тың ақпарат беріп, IELTS, APTIS, т.б. халықаралық емтихандарды өткізу бойынша бірқатар ұсыныстар айтса, ERASMUS+ ұлттық офисінің координаторы осы бағдарламаны жүзеге асырудың жолдары туралы ақпарат берді және бағдарламаға қатысты бірқатар тиімді сілтемелермен бөлісті.
Сонымен бірге семинар аясында QS, THE, ARWU сынды халықаралық рейтингтеріне тіркелу және қатысу бойынша отандық әріптес ЖОО-ның өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Отандық спикерлер өз ЖОО-ның тәжірибелерімен бөлісіп, семинар қатысушыларының сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді.
Семинар нәтижелі өтіп, ОҚМА интернационализациясы бойынша дамытатын негізгі бағыттар мен қадамдарды айқындай түсті