Жоғары оқу орындары арасындағы волейбол жарысы өтті

2022 жылдың 23 ақпан күні «Барыс» спорт клубының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының жоғары оқу орындары арасында воллейбол ойыны бойынша жарыс өткізілді. Аталған шара №1 оқу ғимаратындағы спорт залда өткізіліп, жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Жарыс ұлдар және қыздар арасында өткізілді. Жарысқа ОҚМА АҚ, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, ОҚМПУ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері қатысқан жарыс өте тартысты, әрі қызықты болды.

Жарыс нәтижесі бойынша ұлдар арасында 1-орынды «ОҚМА» АҚ, 2-орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 3-орынды М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты иеленді.

Ал қыздар арасында өткен жарыста 1-орынды ОҚМПУ, 2-орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 3-орын «ОҚМА» АҚ қыздары иеленді.
Барша қатысушыларды жеңіспен құттықтаймыз!

02.03.2022, 11:40
555 қаралым