Жоғары оқу орындары арасындағы пікірталас платформасы «Жоғары медициналық білім»
2023 жылғы 30 наурызда «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Жоғары медициналық білім» ЖОО аралық пікірталас платформасында «халықтың әлеуметтік маңызы бар аурулармен сырқаттанушылығының динамикасын талдау және болжау» тақырыбында жоспарланған онлайн семинар өткізілді.
Аталған семинарды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедра меңгерушісі Г.Ж. Сәрсенбаеваның жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Осы онлайн семинардың қонақтары:
- «Астана медицина университеті» – Қоғамдық денсаулық және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі, Мусина А. А.;
- «Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» -Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық кафедрасының доценті, Ж. А. Жапарова;
- «М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» -Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық кафедрасының меңгерушісі, Л. С. Ермұханова;
- «Ташкент медициналық академиясы» кафедрасының доценті Матназарова г. С.;
- «Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» -Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық кафедрасының оқытушылары қатысты.
Сондай-ақ, семинарда 2 курс «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқитын студенттерде жобаға-бағытталған оқыту шеңберінде жүзеге асырылып жатқан алғашқы зерттеу нәтижелерін ұсынды. «2012-2022 жылдардағы қант диабетін талдау» тақырыбында Зияева Лобар өзінің жұмысын баяндама жасады.
«Жоғары медициналық білім» университетаралық пікірталас платформасының арқасында онлайн семинар пікірталастар мен тәжірибе алмасу арқылы сапалы құрылған және әдістемелік тұрғыдан ойластырылған білім беру ортасында өтті, ал семинарда баяндалған оқытудың тиімді әдістері профессор-оқытушылар құрамының жұмысына жаңа серпін берді.
Жалпы, бұл семинар жоғары деңгейде өтті, оқытудың жаңа әдістемелерін, инновациялық идеяларды енгізу бойынша қатысушылардан оң пікірлер алынды.