ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ТИІМДІ СЕРІКТЕСТІГІ

«Башқұрт мемлекеттік медицина университеті және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы арасындағы қарым-қатынас туралы келісім шарт» негізінде Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің ботаника және фитотерапия негіздері курсымен фармакогнозия кафедрасының базасында 2019 жылдың 13 мамырдан бастап 29 мамыр аралығында «Фармация» мамандығының 4 курс студенттері Таштемирова Фериде, Орынбасар Мадина, Әбілова Арайлым, Асан Бақтыбай, Қайып Берік, жетекші ретінде ОҚМА фармакогнозия кафедрасының профессор м.а., фарм.ғ.к. Орынбасарова К.К. фармакогнозия бойынша өндірістік іс-тәжірибеден өтті. 

Өндірістік іс-тәжірибе барысында университеттің, фармацевтикалық факультетінің кафедраларының жұмысымен, фармацевтикалық пәндердің жүргізілу ерекшеліктерімен, ғылыми-зерттеу зертханасымен танысты. Ботаника және фитотерапия негіздері курсымен фармакогнозия кафедрасына қарасты дәрілік өсімдіктердің коллекциондық үлескелік жерімен және дәрілік өсімдіктерді өсіп-өндіру жолдарының ерекшеліктерімен танысты. Дәрілік өсімдік шикізатынан түрлі өнім өндіретін өндіріс орындарында болды, атап айтсақ Уфа қаласының УНЦ РАН ботаникалық бағында, «Лимонарий» шаруашылығында, серіктестігі шектеулі «Травы Башкирии» өндірістік орындарында болды. Студенттер өндірістік іс-тәжірибеде берілген бағдарламына толық орындап шықты. 

1411 1

1411 2

Өндірістік іс-тәжірибенің бағдарламасынан тыс тағыда студенттер проф.м.а. Орынбасарова К.К. жетекшілігімен бірге «Фармацевтическое образование, современные аспекты науки и практики» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарымен шықты. Конференция барысында ғылыми-зерттеу және білім беру саласында толғандыратын сұрақтарды қонақтармен бірге тәжірибе алмасу жүргізілді. 

1411 3

2019 жылдың 15 мамыр күні студенттер «Нижневолжского кластера по фармации-2019» олимпиадасына қатысты. 

1411 4

1411 5

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының фармакогнозия кафедрасынан проф.м.а. Орынбасарова К.К. академиялық ұтқырлық бойынша Башқұрт мемлекеттік медицина университетінде дәріс берді. 

Бұл іс сапардың негізгі жоспары фармация факультетінің студенттерімен білім беру үдерісіне қатысу, оқытушылармен мастер-клас жүргізу, білім берудің жаңа әдістерін енгізу, ортақ білім беру бағдарламасын талқылау және келісу, университеттің ғылыми және клиникалық орталықтарын, өндірістік іс-тәжірибе базаларын аралау.

1411 6

1411 7

1411 8

БММУ ректорымен, проф. Павлов В.П., проректор А.А. Цыглин және декан Н.В. Кудашкинамен кездесу барысында ортақ білім беру бағдарламалары және болашақта өзара қарам-қатынас орнату сұрақтары талқыланды, яғни ЖОО арасындағы серіктестікті фармация саласында жоғары білікті маман дайындау саласында жаңа бағыттарды іздестіру. 

1411 9

БММУ ботаника және фитотерапия негіздері курсымен фармакогнозия кафедрасының меңгерушісіне, фарм.ғ.к., проф. Н.В. Кудашкина және кафедраның оқытушыларына өндірістік іс-тәжірибе барысында тәжірибе алмасуға көмектескендері үшін алғыс білдіреміз. 

ОҚМА студенттері Ресейдің ең беделді жоғары оқу орнында білім алмасуға мүмкіндік бергені үшін ректорға М.М. Рысбековқа және әкімшілікке алғыстарын білдірді. 

10.06.2019, 11:32
358 қаралым