Жоғары оқу орындардағы стратегиялық серіктестік жалғасуда

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, сонымен қатар фармакология, фармакотерапия мен клиникалық фармакология кафедралары бірігіп Гданьск медицина Университеті (ГМУ) токсикология кафедрасының меңгерушісі, асс. профессор Bartosz Wielgomas-тың визитингін ұйымдастырды.

1208

Bartosz Wielgomas визитинг аясында академия студенттері, магистранттары мен профессор-оқытушылар қауымына токсикологияның өзекті мәселелері бойынша дәрістер, семинарлар мен мастер-кластар өткізді.

 Профессор B. Wielgomas дәрістері мен семинарларына токсикологиядағы негізгі түсініктер, доза-эффект байланысын бағалау, уыттылық механизмы, ксенобиотиктердің таралуы:  ADME (absorption, distribution, metabolism and excretion – сорылу, таралу, метаболизм және шығарылу), биотрансформация, токсикокинетика, дәрілік заттар әсерінен туындаған уыттылықтың мүшелерге әсері сияқты тақырыптардан тұрды.

1209 

Профессор дәрілік заттар қауыпсіздігін клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізудің әдістемелік аспекттері туралы айтып кетті. ГМУ-да клиникаға дейінгі жүргізілетін тәжірибелермен бөлісіп, жануарлар моделі сияқты, сонымен қатар дәрілік заттардың in vivo және in vitro тәжірибелеріндегі тест-жүйелерінің қолдану туралы зерттеулер жан-жақты талқыланып кетті.

 Клиникаға дейінгі зерттеулер дизайны: сұрыптау көлемі мен бақылау жануарларын қолдану, енгізу жолдары, зерттелінетін заттардың дозасы мен концентрациясы, метаболиттер, изомерлер, соңғы өнім және т.б. зерттеу туралы дәріс көпшілікті ерекше қызықтырды.

1210

Сонымен қатар, B.Wielgomas аналитикалық токсикологияның заманауи жағдайы: сұйық-сұйықтық микроэкстракция, дисперсионды сұйық-сұйықтық микроэкстракция, алдын-ала және дәлелдейтін талдау әдістері (ЖҚХ, иммунды дәдістер, ГХ-МС, ВЭСХ-МС және т.б.) туралы дәрістер оқыды.

 Семинарлардың бірі профессор B. Wielgomas-тың ғылыми тақырыбы болып табылатын адам ағзасына пестицидтердің әсерін зерттеуге арналды.

 

1211 

Профессор B. Wielgomas-пен ЖОО-серіктестіктің ынтымақтастығы аясында әрі қарай жұмыстарды жалғастыру бойынша фармацевтикалық сала үшін жоғары білікті мамандарды даярлау, бірлескен жұмыс бағдарламаларын жасау мүмкіндігі, ғылыми-техникалық жобалар, фармацевтикалық және токсикологиялық химия, сонымен қатар фармакология, фармакотерапия мен клиникалық фармакология кафедралары магистранттарының стажировкасын ГМУ базасындағы токсикология кафедрасында өткізу туралы мәселелер талқыланды.   

1212

Академия басшылығы мен кафедралар ұжымы профессор B. Wielgomas-қа тәжірибе алмасу бойынша нәтижелі жұмыс өткізгені үшін шынайы алғысы мен фармацевтикалық білім және ғылым аясындағы ынтымақтастықты жалғастыруға сенімін білдіреді.  

1213

21.12.2017, 03:54
438 қаралым