Жоғары білім беру жүйесін цифрлық ұрпаққа енгізу және бейімдеу

Жоғары білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ (ары қарай — ОҚМА) мен Бельгия білім беру Кеңесі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумға қол қою арқылы жоғары білікті оқу-ғылыми кадрлар мен мамандарды дамытуға және даярлауға бағытталған кәсіби бейнеконференцияларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бірлескен зерттеулерді, конференцияларды, вебинарларды, мастер-класстар мен басқа да іс-шараларды іске асыру үшін мүмкіндіктер ашады.

1645 4

Belgian Education Council директоры білім беру технологиялары бойынша халықаралық сарапшы, тренер Аксана Позднякова "жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін цифрлық ұрпаққа бейімдеу тұжырымдамасын енгізу стратегиялары" тақырыбы бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарының әкімшілігі мен оқытушыларына арналған мастер-кластар циклін өткізді.

1645 2

Сонымен қатар, "ОҚМА" АҚ профессор-оқытушылар құрамы қашықтан тиімді оқыту үшін қажетті жаңа дағдылар мен тәсілдерді дамыту мақсатында 18-ші ақпан мен 1-ші сәуір аралығында Бельгия білім беру Кеңесі ұйымдастырған "Киберпедагогика — ғылым немесе онлайн-ортада оқыту өнері" шеберлік сабағына қатысуда. Мастер-класстың мақсаты  онлайн ортада сапалы білім беруді үйрену болып табылады және оқытушылардың қызметін жаңғыртуға бағытталған. Оқытудың инновациялық әдістерін игеруге және енгізуге, тез өзгеретін білім беру ортасына сәтті бейімделу үшін кәсіби ойлауды қайта құруға, оқытушылардың әлеуетін тереңдетуге мүмкіндік береді.

Қашықтан білім беру технологиялары бөлімі инновациялық білім беру технологияларын дамыту және тиімді пайдалану арқылы Академия оқытушыларын цифрлық ұрпаққа бейімдеу жөніндегі жұмысқа қолдау көрсетеді. Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумның арқасында оқытушылар өз білімдерін жоғары деңгейге кеңейтіп, жаңа инновациялық құралдар жиынтығын тәжірибеге енгізе алады.

01.03.2021, 07:51
673 қаралым