ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК ЖАЛҒАСУДА
16.04-23.04.2018ж.
Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасында Гданьск медициналық Университетінің фармацевтикалық микробиология кафедрасының меңгерушісі, профессор, (PhD), Krzysztof Waleron және жоғарғы оқу орындары арасындағы - Гданьск медициналық Университеті мен Гданьск Университетінің биотехнология факультетінің профессор м.а., (PhD), Мalgorzata Waleron визитингі ұйымдастырылды.
Визитнг шеңберінде K. Waleron және М. Waleron өзекті мәселелер бойынша студенттерге, магистранттарға және ПОҚ үшін дәрістер, семинарлар өткізді.
Профессор К. Waleron дәрістері мен семинар сабақтары антибиотиктердің шығуы мен антибиотикке тұрақтылықтың эволюциясы, заманауи вакцинациялар және оның технологиясы; вакцинологияның келешегі, молекулярлық диагностика-дара терапияның тақырыптарына арналды.
К. Waleron «Arthrospira цинобактериясының тағамға пайдалануға болатын түрлері, Өсіру әдістерінің, генетикасының, қазіргі жағдайы мен медицинада қолданылуы» тақырыбындағы оқылған дәрісі аудитория тарапынан аса қызуғушылық тудырды.
Профессор K. Waleron және М. Waleron серіктес жоғары оқу орнымен фармацевтикалық сала үшін жоғары білікті маман дайындау облысында бірлесіп жұмыс жасау, бірлескен білім беру бағдарламасын, ғылыми-зерттеу жобаларын өңдеу мүмкіндігі, сондай-ақ фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының магистранттарында Гданьск медициналық Университетінде тәжірибе өтілін қалыптастыру туралы сұрақтар талқыланды.
Кафедра ұжымы K. Waleron және М. Waleron тәжірибе алмасу бойынша жемісті еңбектері үшін шын жүректен алғысын білдіреді және ғылым мен білім аума,ында келешекте бірлесіп жұмыс жасайтынына зор үмітпен қарайды.