ЖИТС-ті санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың өзекті мәселелері

1-желтоқсан – ЖИТС-ке қарсы күнге орай «ЖИТС-ті санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың өзекті мәселелері» тақырыбында «Гигиена және эпидемиология» кафедрасында өткізілген практикалық конференцияға кафедраның оқытушылық құрамы, Шымкент медициналық колледжінің директоры, медицина ғылымдарының магистрі Ғ.М.Абишев және академияның Жалпы медицина білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 3, 5 курс студенттері қатысты. Конференцияны кафедраның меңгерушісі, доцент міндетін атқарушы П.Д. Утепов ашып, бүгінгі күнде АИВ және ЖИТС ауруының қазіргі кездегі әлемдік және Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайына тоқталды. Келесі сөз кезегін Шымкент медициналық колледжінің директоры, медицина ғылымдарының магистрі Ғ.М. Абишев алды. Ол конференция қатысушыларына сәттілік тілеп, ЖИТС ауруын эпидемиологиялық қадағалаудағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің маңыздылығын атап өтті.
Конференцияда 5 курс студенттері келесідей тақырыптарда баяндама жасады:
1) ЖМҚБ-03-18 тобының студенттері: Темір Нұрила, Рысбакова Севара – «АИВ және ЖИТС инфекцияларының тарихы. АИВ және ЖИТС инфекцияларының этиологиясы, эпидемиологиясы»; Сатыбалды Арман – «АИВ және ЖИТС патогенездік көрінісі» - Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы Г.Н.Нуралиева;
2) ЖМҚА-03-18 тобының студенттері: Еркінбай Мұхамедәли – «АИВ инфекциясының статистикасы»; Рысбек Жанат – «ЖИТС - ХХІ ғасыр індеті» – Ғылыми жетекшісі, доцент міндетін атқарушы Ескерова С.У.;
3) ЖМҚБ-04-18 тобының студенттері: Егемберді Динара – «АИВ жұқпасының спецификалық алдын алуы»; Икраш Аңсат – «ЖИТС ауруына шалдыққан науқастар ошағына жүргізілетін бейспецификалық іс-шаралар. Оппортунистік жұқпалардың алдын-алу» – Ғылыми жетекшісі, доцент міндетін атқарушы Утепов П.Д.;
4) ЖМҚА-04-18 тобының студенттері: Бабажан Ұлпан – «АИВ жұқпасының спецификалық емес алдын алуы»; Отарбаева Дарина – ЖИТС спецификалық алдын алуы» – Ғылыми жетекшісі, доцент міндетін атқарушы Утепов П.Д.

Баяндама барысында студенттер АИВ және ЖИТС инфекциясының эпидемиологиясын, статистикасын, этиологиясын, қауіпті топтар құрамын, патогенезін, клиникалық көріністерін, диагностикасын, емдеуін, бейспецификалық және спецификалық алдын алу шараларын ғылыми мәліметтермен бере отырып, толығымен талдап өтті.
Конференция соңында кафедра меңгерушісі Утепов П.Д. бітіруші түлектерге алған білімдерін болашақ мамандықтарында жетік пайдаланып, халықтың денсаулығын қорғауда өз үлестерін қосуға шақырды.

02.12.2022, 20:25
554 қаралым