ЖИТС алдын алу

2016 жылдың 26 сәүірінде «Терапия бакалавриат» кафедрасының оқытушылары доцент Садыкова Г.С. жетекшілігімен М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттің №6 жатақханасында студенттер арасында ЖИТС-ын (Жүре пайда болған Иммундық Тапшылық Синдромы) алдын алу мақсатымен санитарлық-насихаттау жұмысын жүргізді.

774 1

Бұл шараның мақсаты – жастарға ЖИТС-ның қауіптілігін түсіндіру, мәселе негізін жеткізу, осы ауруға байланысты сұрақтарға қызушылығын көтеру.    

Дәрістің тыңдаушылары ретінде тек студенттер емес, сонымен қатар ОҚМУ-нің оқытушылары болды.

774 2

ЖИТС мәселесі бойынша студенттер алдында тақырыптық командалық ойын қойылды.

774 3

ЖИТС – өмір сіру салтына немқұрайлықпен қаралуына байланысты кездесетін өте қауіпті ауру. Шараның соңында студенттер осы тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

Жастармен өткізілген қарым-қатынасты қорыта отырып, олар өз денсаулығына назар аударатынына көз жетті. Жастар қазіргі таңда туындайтын түрлі сұрақтарға жауап іздеп, өткен шағын қайта қарастырып, бүгінгі таңдағы мүмкіншіліктерді бағалап, болашаққа бағытталған.    

11.05.2016, 22:54
452 қаралым