Жемқорлық қоғамдағы індет - онымен күресу баршамызға міндет!

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттеріне «9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай, 2019 жылдың 5 желтоқсан күні ОҚМА мәжіліс залында «Адалдық сағаты» өткізілді.

1467 1

Іс-шара мақсаты: өскелең ұрпаққа адалдық, адамгершілік және парасаттылық құндылықтары, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары, оларды алдын алу және еліміздегі жетістіктерді кеңінен түсіндіру.

1467 2

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Серікбаев Талғар Абдунабиұлы, Шымкент «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің төрағасы Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы іс-шараға қатысып, студент жастармен кездесу жүргізді. Кездесуде студент жастар сұрақтарын қойып, қонақтармен өз ойларымен бөлісті.

06.12.2019, 12:15
254 қаралым