Жеделдетілген оқыту әдістері

639 1 1

28.10.2015ж. шет тілдері кафедрасында кафедра мұғалімдері Ж.С. Маханова  «Brainstorming», Г.Ө.Алипбаева « Сase method» , Б.П.Абсаттарова «Тhink, pair and share» тақырыптарында  семинарлар жүргізді. Семинар өту барысында «Аccelerated methods of teaching» тақырыбында презентация көрсетіліп, әр мұғалімнің өз әдістерімен дайындаған көрнекі материалдарын қолдана отырып, топпен, жұппен  жұмыстар жүргізілді.     

639 2 2

Ойлау қабілетін дамытуда «Brainstorming» әдісімен  «Apple tree» ойыны оқытушылар арасында ойнатылды. Ойын шарты бойынша қатысушыларды екі топқа бөліп, әр топтан бір қатысушы шығып, тақтада ілініп тұрған алма ағашынан тапсырманы алып, топ құрамымен біріге отырып орындаулары тиіс. Тапсырманы көп және дұрыс  орындаған топ ең жоғарғы алмаға жетіп, жеңімпаз болып атанады.

639 3 3

Келесі ойын «Case method» әдісі бойынша жүргізілді. Қатысушыларды екі топқа бөліп әрқайсысына жеке сөздер жазылған карточкалар таратылды. Қатысушылар осы сөздерді қолданып жаңа оқиға шығара білулері керек. Бұл әдіс ойлау, жазу, оқу қабілеттерін дамытады.

«Think, pair and share» әдісі бойынша «Tasks in a hat» ойыны жүргізілді. Ойынның шарты бойынша әрбір қатысушы қалпақтан карточка алып, тапсырманы оқып, берілген сөзді түсіндірмесін келесі жұбына жеткізуі қажет.

Семинарға шет тілдері және гигиена кафедраларының оқытушылары, физиология кафедрасының меңгерушісі Л.Д.Жолымбекова қонақ ретінде қатысты.

21.11.2015, 05:49
584 қаралым