Жеңістің 76-шы көктемі

2021 жылдың 6 мамыр күні ZOOM онлайн платформасы мен Instagram әлеуметтік желісінде Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «7-мамыр Отан қорғаушылар күні» мен «9-мамыр Жеңіс күніне» арналған салтанатты іс шара өткізілді.

1696 1

Биыл еліміздің Қарулы күштеріне 29 жыл және Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 76 жыл толып отыр. ОҚМА ректоры, профессор М.М.Рысбеков салтанатты іс-шараны ашып, ұжымдастар мен студенттерді Жеңіс күнімен құттықтап, бейбіт өмір тіледі.

1696 2

Әскери кафедра жетекшісі, полковник С.Мырзалиев баяндама жасап, жоғарыда аталған мереке күндерінің маңызы мен тарихына тоқталып өтті.

Медицина қызметкерлерінің соғыс кезіндегі ерліктері жайында Қазақстан тарихы және әлеуметтік –қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Өтегенов Бақыт баяндап берді.

1696 3

1696 4

Іс-шара басқарма қызметкерлері мен белсенді студенттер әзірлеген концерттік бағдарламаға жалғасты.

1696 5

Ұлы Отан соғысы тарихта өшпестей орын алып, көп қасірет алып келсе де, Жеңіс күнін тойлаған кезде ерлік көрсеткен батырларымызды еске алып, алғысымызды білдіреміз.

1696 6

Барша академия қызметкерлері мен білім алушыларын «7-мамыр Отан қорғаушылар күні» мен «9-мамыр Жеңіс күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!

06.05.2021, 12:07
432 қаралым