«Жастардың психоэмоционалды күйіне гигиенаның әсері»

2023 жылдың 9 қыркүйегінде ОҚМА жатақханасында "Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер" кафедрасының оқытушысы Досаламанова Айгуль Орынқазықызы 1-2 курс студенттерімен "Жастардың психоэмоционалды күйіне гигиенаның әсері" атты тақырыпта кездесу өткізді. Студенттермен кездесу барысында күнделікті өмірдегі үйлесімді эмоционалды жағдай үшін тазалық пен гигиена ережелерінің маңыздылығы туралы айтылды. Сондай-ақ, салауатты өмір салтының маңыздылығы, толыққанды ұйқы (жеке заттарды, гигиена заттарын таза ұстау, бөлмені уақтылы желдету және ыдыс жуу, күнделікті дымқыл тазалау) тақырыбында әңгіме жүргізілді.
Студенттер көптеген пайдалы және маңызды ақпараттарды біліп, қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Осындай кездесулер студенттердің жарқын болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға көмектеседі.

11.10.2023, 14:44
479 қаралым