Жастар ЖИТС-ке қарсы: өзіңді қорға, өзгеге көмектес!
2017 жылдың 29-30 қараша күндері аралығында қазақ,орыс және латын тілдері кафедрасында қауіпсіз өмір сүру мәдениетін қалыптастыру, АИТВ- жұқпасы мен ЖИТС-ті алдын алу мақсатында студенттер арасында сұхбат-лекциялар өткізілді, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ «Өзіңді қорға, өзгеге көмектес!» атты акциясы ұйымдастырылды. Осы іс-шаралардың басты мақсаты – АИТВ-жұқпасы мен ЖИТС проблемаларына назар аудару, өздері мен жақын адамдарын қорғау және денсаулық мәдениетін көтеру.
Акция аясында оқытушы М.М.Утембаеваның басшылығымен, МІҚ-202 тобының білім алушылары брошюралар дайындады, ОҚМФA студенттері және қалалық тұрғындар арасында буклеттер, бірлік белгісі ретінде қызыл ленталар таратылды,сұхбат өткізілді. Бұл акция халық әсіресе жоғары тәуекел топка кіретін жастар арасында ақпараттық-ағартушылық жұмыстың маңыздылығын көрсетті.
Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының меңгерушісі С.Х.Амандықова өз сөзінде студенттердің жұқпалы ауруларға қарсы қорғанудың негізгі құралдарын пайдалануда сауатты болуға, ЖИТС-пен күрес жүргізушілер қатарына қосылуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, адамгершілікке, ауру адамдарға көмек қолын беруге шақырды.