«Жастар салауатты өмір салтын таңдайды»
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарлама аясында 2017 жылдың 16 қараша күні әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 202 МІ тобының студенттерімен бірге «Жастар салауатты өмір салтын таңдайды» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел кафедра оқу ісінің менгерушісі, аға оқытушы Ф.М.Қаратаеваның сөзінен басталды: «Бүгінгі таңда мемлекеттің өзекті міндеті - ұлтты сауықтыру, спортты дәріптеу және жастарды денені шынықтыру мәдениетіне баулу. Тек дені сау ұлт үлкен жетістіктерге жетеді. Сондықтан, жастарға осы бағытта тәрбие беру біздің басты міндетіміз».
Дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша талқылауға 202 тобының студенттері Абдувахидова Назима «Маскүнемдік» тақырыбындағы баяндамасымен, Лесбек Динара «Нашақорлық» презентациясымен және Хадиметова Диана «Дұрыс тамақтандыру» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты.
Өзекті мәселелерді толық ашу мақсатында студенттердің ұйымдастыруымен «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» тақырыбындағы көрініс көрсетілді.
Дөнгелек үстелдің бағдарламасы студенттердің белсенділігін арттыра отырып, қызу талқылауда өтті. Аға оқытушы С.М.Тасқымбаева: «Денсаулық-адам өміріндегі баға жетпес байлық. Әрбір студенттің бүгінгі кештен алар мағлұматтары көп болды» - деп іс-шараны аяқтады.