Жастар ұйымдары арасында футболдан Турнир

2020 жылғы 12 желтоқсан Шымкент қаласының орталық су-спорт кешенінде әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының, "Барыс" спорт клубының және ОҚМА дене шынықтыру кафедрасының қолдауымен Қазақстан Республикасының Білім,ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Қарабеков Ағабек Қарабекұлын еске алуға арналған футбол турнирі өтті. Турнирді әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының бастығы Е. Сәлім салтанатты түрде ашты.

1612 1

Турнирдің мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және студенттер арасында белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, заманауи талаптарға сәйкес салауатты өмір салтын тәрбиелеу болды. Жарысқа 9 команда қатысты: "Жас Отан", "Альянс", "ҚазБСҚА", "Шабыт", "Жайдарман", "Колледж", "Фарм", "Барыс", "Академия".

1612 2

Барлық командалар жақсы ойын көрсетті, жүлделі орындар келесідей бөлінді:

I орын - "Барыс" - командасы»

II орынды "Фарм" факультетінің құрамасы»

III орын - "Альянс" - командасы»

1612 3

Барлық жүлдегерлерге белсенді қатысқаны және салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін дипломдар мен грамоталар табыс етілді.

14.12.2020, 09:55
441 қаралым