Жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың және нашақорлықтың алдын-алу мен дін, отбасы құндылықтары
2016 жылдың 20 қыркүйек күні Әл-Фараби әкімі аппаратының жоспарына сәйкес, жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен академияның үлкен мәжіліс залында жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың және нашақорлықтың алдын-алу мен дін, отбасы құндылықтары туралы түсінік беру мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесуге Әл-Фараби аудан әкімінің орынбасары М.Тажибаев, «Дәуітұлы Шыңғысбайқажы» мешітінің наиб-имамы Е.Қарымбеков, ОҚО Дін басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог-маманы ЖАсхатұлы, облыстық наркологиялық диспансерінің дәрігер наркологы Н.Е.Столярова, ОҚМФА фармация факультетінің деканы, профессор Н.Ж.Жұмабаев қатысты. Студенттер көкейіндегі сауалдарға жауап алып, жаңа мәліметтермен танысты (қамтылған студенттер саны-270).
Жастар саясаты бөлімі