«Жастар арасында суицидтің белең алуы және лаңкестік пен діни экстремизмнің таралу мәселелері» атты G-global коммуникативтік алаңында өткен онлайн-видеоконференция

649 1

2015 жылдың 25 қараша күні жастар саясаты секторының ұйымдастыруымен G-global коммуникациялық алаңында «Жастар арасында суицидтің белең алуы және лаңкестік пен діни экстремизмнің таралу мәселелері» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді.

649 2

 649 3

Дөңгелек үстелге Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, ОҚО Ішкі саясат басқармасының теолог-маманы Халықов Медет, Шымкент қалалық Д.Шыңғысбай қажы мешітінің наиб-имамы Жолдасов Ақылжан, Неврология, психиатрия және психология кафедрасының доценті, м.ғ.к., дәрігер-психиатр Зулфихарова Эльвира Талғатқызы,  Неврология, психиатрия және психология кафедрасының оқытушысы, м.ғ.магистрі, дәрігер-невролог Төлебаева Гаухар Ерузаховна қатысып, тақырып аясында пікір сайыс жүргізілді. Онлайн-видеоконференцияда суицидтің, лаңкестік пен діни экстремизмнің таралу мәселелерін талқылап қана қоймай, алдын алу жолдарын да қарастырды. Дөңгелек үстелге қатысушыларға сертификаттар берілді.

649 4

04.12.2015, 03:21
484 қаралым