Жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу және жастарды спортқа баулу
2023 жылдың 31 наурыз күні «ОҚМА»АҚ жанындағы медицина колледжі ұйымдастыруымен «Жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу және жастарды спортқа баулу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Әлім Арайлым Ерланқызы, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Одаман Меруерт, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы ҚР екі дүркін чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алжан Бексұлтан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Тастан Асанбай медицина колледж оқытушылары мен білім алушылар қатысты.
Аталған шараны Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Әлім Арайлым Ерланқызы бастап, іс-шара мақсатын атап өтті.
Кездесу келген мамандар халық арасында АИТВ/ЖИТС пен нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу жолдары мен маңызды белгілері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Студенттер көкейіндегі сауалдарға жауап алып, жаңа мәліметтермен танысты.
Іс шараны қорытындылаған Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы ҚР екі дүркін чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алжан Бексұлтан студенттерді зиянды әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдануға шақырды.