Жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу және жастарды спортқа баулу
2022 жылдың 14 қараша күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу және жастарды спортқа баулу» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Карбеков Бауыржан, Серғали-Түркістан РҚБ, жоба үйлестірушісі Әбуталиев Ержан, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Одаман Меруерт, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Аитов Руслан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, әлем чемпионатының финалисті Мерей Зият, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Абзал Ахатаев және ОҚМА оқытушылары мен жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Аталған шараны Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Абзал Ахатаев бастап, іс-шара мақсатын атап өтті.
Кездесу келген мамандар халық арасында АИТВ/ЖИТС пен нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу жолдары мен маңызды белгілері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Студенттер көкейіндегі сауалдарға жауап алып, жаңа мәліметтермен танысты.
Іс шараны қорытындылаған №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, әлем чемпионатының финалисті Мерей Зият студенттерді зиянды әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдануға шақырды.