ЖАС ҒАЛЫМ-ҮЙІРМЕШІЛЕРДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының «Болашақ фармация» ғылыми үйірмесінің студенттері әр жыл сайын тек республикалық қана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі конференцияларда баяндамаларымен шығып жүр. «Фармация» факультетінің 5 курс, В-ФҚБ-01-16 студенті А. Кинаятова медициналық ЖОО студенттері мен жас ғалымдарының «Заманауи медицина мен фармацевтика: жаңа көзқарас мен өзекті зерттеулер» 75-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында атенололдың химия-токсикологиялық талдауының нәтижелерін баяндады.

1727 1

Конференция Самарқанд мемлекеттік медицина институтында (ӨзР) өтті. Пленарлық мәжілістен соң, секциялық отырыстар медицина мен фармацияның 14 бағыты бойынша жүрді. А. Кинаятова Ресей Федерациясы, Украина, Тәжікстан, Қазақстан мен Өзбекстан студенттері мен жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарын біріктіретін «Клиникалық фармакологияның заманауи жетістіктері» секциясында өз баяндамасымен шықты. Жас ғалымдар фармакоэкономика, дәрілік заттар маркетингі, жаңа синтезделген дәрілік препараттардың клиникаға дейінгі зерттеулері, дәрілік өсімдік шикізатынан дәрілік препараттар алу технологиясы мен токсикологиялық маңызды заттарды химия-токсикологиялық талдауы бойынша ғылыми жұмыс нәтижелерімен таныстырды.

1727 2

Жас ғалымдардың жұмыстары материалды меңгеру деңгейі, презентация дизайнының сапасы, тақырыптың ойға қонымдылығы мен айқын жеткізіп беруі және т.б. бойынша құрастырылған критериалды бағалаудан өтті. Біздің академия студенті А. Кинаятованың биоматрицадағы атенололды экстрациялауды оңтайландыру бойынша жұмыс нәтижесі аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырып, барлық критерийлер бойынша жоғары балл жинақтап және жюри мүшелері тарапынан объективті бағаланды.

1727 3

Біздің үйірмеші жас ғалымымызды шын жүректен сенімді және керемет жеңісімен құттықтаймыз. Осы жетістікпен тоқтап қалмай, әрі қарай жоғары шыңдарды бағындыра беруіне тілектеспіз!

16.06.2021, 01:12
566 қаралым