Жақын шетел серіктестермен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы

2021 жылдың 1 қараша және 12 қараша аралығында фармакогнозия кафедрасының профессорлық – оқытушылар құрамы академиялық ұтқырлық аясында Ташкент фармацевтикалық институтының фармакогнозия кафедра меңгерушісі, фармацевтикалық ғылымдарының кандидаты Фарманова Нодира Тахировна және фармакогнозия кафедраның доценті, PhD Халилова Шахноза Равшановна шақырылды.
Академиялық ұтқырлық аясында құрылған жоспар бойынша «Фармация» мамандығының 3,4 және 2 қысқартылған курс білім алушылары үшін «Фармакогнозия» пәнінен келесі тақырыптар бойынша: «Құрамында флавоноид және олардың гликозидтері бар дәрілік өсімдіктер және шикізаты», «Құрамында илік заттары бар дәрілік өсімдіктер және шикізаттар», «Құрамында алкалоидтары бар дәрілік өсімдіктер және шикізаттар»; «Фармация» мамандығының 5 курс білім алушылары үшін «Ресурстану және дәрілік өсімдіктер экологиясы» пәнінен келесі тақырыптар бойынша: «Дәрілік өсімдік шикізатын культивациялаудың тиісті практикасы», «Дәрілік өсімдікті жинау (GACP) және культивациялаудың тиісті практика бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басқару принциптері» дәрістер онлайн режимде өткізілді.
Дәрілік өсімдіктер шикізатының (ДӨШ) заманауи фармакогностикалық талдау әдістері талқыланды. Биологиялық белсенді заттарды ДӨШ-нан бөліп алу және оларды идентификациялау әдістерін баяндады. ББЗ өсімдіктің тіршілігіндегі маңызына, жинақталу динамикасына, физикалық-химиялық қасиетіне тоқталды. Тыңдаушылар тек фармакопеялық әдістерге ғана емес, сонымен қатар сапалық және сандық талдаудың альтернативті әдістеріне қызығушылық танытты.

18.11.2021, 18:47
774 қаралым