«Жалпы микробиология» және «Жеке микробиология» атты онлайн-курстары
«Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Б.Т. Сейтханова «Stepik» платформасында «Жалпы микробиология» және «Жеке микробиология» онлайн-курстарын дайындады. Бұл онлайн-курстар пәнді өтетін барлық білім беру бағдарламаларының білім алушыларына арналған.
«Жалпы микробиология» онлайн-курсында тәжірибелік сабақтың келесі тақырыптары үшін (Қарапайым бояу әдісі. Күрделі бояу әдісі, Грамм бойынша бояу әдісі. Препаратты фиксациялау. Тауық эмрионын жұқтыру әдісі. Микробиологиялық және вирусологиялық зертхана құрылымы мен жұмыс жасау ережесі. Қоректі орталар классификациясы және оны дайындау ережесі. Микроорганизмдерді тығыз және сұйық қоректік ортаға егу әдісі. Микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алудың 1-кезеңі. Бактериалардың морфологиясы. Микроскопиялық зерттеу ережесі. Бактериалардың дәріге төзімділігі. Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдықты анықтау әдісі) видеоролик түсірілген. Түсірілген видеосабақ кешені білім алушылардың сабақтан тыс кезінде де тәжрибелік сабаққа дайындалуына мүмкіндік береді.
«Жеке микробиология» онлайн-курсы мемлекеттік тілде видеолекция түрінде оқылған. Дәрістің жоспар бойынша сұрақтары толық ашылған. Дәріс толық көрнекі иллюстрациямен толықтырылған. Тақырып бойынша әрбір қоздырғыштың тинкториалдық қасиеттері, дақылдық қасиеттері, төзімділігі, эпидемиологиясы, қоздырғыштың патогенділік факторлары, патогенезі, клиникасы, иммунитеті, диагностикасы, зерттелетін материалдары, емі, алдын алуы туралы мәліметтер көрнекті сызбалармен презентацияда нақты көрсетілген. Қоздырғыштың патогенділік факторлары толық сипатталған және әрбір вирустық, бактериалды инфекция қоздырғышының жасушаға ену үрдісі кескінмен сипатталған. Зертханалық диагностикасында заманауи оның ішінде экспресс диагностика, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық әдістері студенттер үшін түсінікті етіп баяндалған. Дәрісте тақырыптарды игеру үшін кері байланыс ретінде бақылауға арналған сұрақтармен қамтылған. Болашақ мамандар үшін дайындалған видеолекция түріндегі онлайн-курс қажетті материал ретінде дер кезінде пәнді игеру мүмкіндігін береді, әрі алынған білімді жүйелеуге көмегін тигізеді.