«Жүректен жүрекке»

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында 2013 жылдан бері дәстүрге айналған, студенттердің ұйымдастыруымен қаламызда мектеп жасындағы әлеуметтік және отбасылық  жағдайы төмен оқушыларға «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілуде. Сол дәстүр, биылғы жылы да өз бастауын 2015 жылдың 23 ақпан күні алған болатын. Аталмыш іс-шараға бастау болған фармацевтикалық факультетінің декан орынбасары, фарм.ғ.к., профессор м.а. Орынбасарова Күлпан  Кенжебайқызы мен  302 ФК  «А»  топ жетекшісі, клиникалық фармакология курсымен фармакология және фармакотерапия кафедрасының доценті, б.ғ.к. Абуова Гүлнар Тұрғанбайқызы және 3 курс студенттері - Әшірәлі Сабит, Әбдәзім Әкім және Журабаев Шоқан болатын. Әлеуметтік тұрмысы төмен жастарға демеу беруде  академияның барша қызметкерлері белсенді түрде қол ұшын берді.

Атап айтсақ:

- Фармацевтикалық факультетінің деканаты;

- Техникалық және кәсіби білім беру факультетінің деканаты;

- Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы;

- Фармакогнозия және химия кафедрасы;

- Биологиялық химия, биология және микробиология кафедрасы;

- Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы;

- Клиникалық фармакология курсымен фармакология және фармакотерапия кафедрасы;

- Фармация ісін басқару және ұйымдастыру кафедрасы;

- Дәрілер технологиясы және инженерлік пәндер кафедрасы;

- Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы;

- Орыс тілі кафедрасы;

- Шет тілі кафедрасы;

- Қазақ тілі және латын тілі кафедрасы;

- Кітапханалық-ақпараттық орталық;

- Компьютерлік тест және баспа орталығы – жоғарыда көрсетілген кафедралар мен ғылыми орталықтардан айтарлықтай мөлшерде материалдық тұрғыда қаражат жиналды.

Жиналған барша қаражатқа қаламыздың «Баян Сұлу» Сауда Орталығындағы   ‘Defacto’, ‘Kari’ фирмалық дүкендерінен материалдық тұрғыда (сырт киім, аяқ киім) 20 оқушыға арнайы  көмек көрсетіліп, арнайы түрде табысталған болатын. Мектеп ұжымы «Жүректен жүрекке» атты іс-шараны ұйымдастырушыларыға өз алғасын білдірді.  Мектеп қабырғасында сапалы білім алуға талпынған, дегенменде әлеуметтік және мүмкіншілігі төмен отбасының оқушыларына көмек көрсету – үлкен іс! Сондықтан да, дәстүрлі іс-шарамыз  өз жалғасын жаңа қырынан табады деген ойдамыз.

 

10.03.2015, 20:50
637 қаралым