«Жұқпалы аурулар және дерматовенерология» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к, Г.Н. Абуовамен бірге өткізілген мастер-класс

912 1

2017 жылдың 19 қаңтар күні «Жұқпалы арулар және дерматовенерология» кафедрасының меңгерушісі  м.ғ.к.,  Г.Н. Абуованың  623  ЖТД  дәрігер интерндермен бірге «Аса қауіпті жұқпалы аурулар» - тақырыбында “Cтандартталған науқас”, PBL , «Рөлді ойын», Case- study  әдістерін қолдана отырып  мастер – класс өткізді.

Мастер-класс өткізудің мақсаты: дәрігер интерндердің оқу – танымдық қызметін белсендіру  және белсенді ойлау  қабілетін жандандыру, «Аса қауіпті жұқпалы аурулар» тақырыбында ақпараттарды және тәжірибелік дағдыларды меңгеруді, білім беру жүйесінде жеке тұлғаның бағдарланған көзқарасын дамыту және тарату, оқу пәнінің мазмұнына қызығушылықты жүйелеу және болашақ мамандарды кәсіпке уәждемелеу.

912 2

Мастер-класс құрамы 4 модульден  тұрады, олардың әрқайсысы  белсенді оқыту әдістерінен тұрады және 3 бөлімге бөлінеді: оқыту, бақылау, бағалау. 

1-ші модуль: PBL- әдісімен мәселелі дәріс.

2-ші модуль: «Аса қауіпті жұқпалы аурулар» тобының түрлі нозологиясына қарай «Стандартталған науқас» симуляциялық технологиясын қолдану.

3-ші модуль: «Конго-Крым геморрагиялық қызбасы» тақырыбы бойынша  дәрігер- интерндердің «Рөлдік ойын» әдісімен бірге «Стандартталған науқас» симуляциялық технологиясы   қолданылды.

4-ші модуль: «Аса қауіпті жұқпалы аурулар» тобының түрлі нозологиясына қарай «Стандартталған науқас» симуляциялық технологиясын қолдануының  жалғасы ретінде case-study әдісін қолдану.

912 3

Симмуляциялық жоспар жасалу барысында  дәрігер интерндердің дайындықтары 6 клиникалық сценарий, өздерінің тәжірибесімен бірлестіріп бейнетүсірілім жасалынды, симуляциялық жоспар жасау барысында қатысушулардың жинаған тәжірибиелері көрсетілді.

Мастер–классқа  ОӘО басшысы А.Г. Ибрагимова, КП ЖӘК төрайымы А.А. Сейдахметова және КП ЖӘК мүшелері, инновациялық технологиясының маманы А.В.Пан, «Хирургия» және «Алғашқы медико-санитарлық көмек» кафедраларының оқытушылары және клиникалық базадан  дәрігер – инфекционист З.А.    Оспанова қатысты.

Мастер- класс соңында  дәрігер интерндерге кафедрада өткізілген мастер- класспен қанағаттандыру деңгейін анықтау мақсатында анкета ұсынылды.

 

Зав.кафедрой, и.о.проф., к.м.н.                Абуова Г.Н.

26.01.2017, 05:49
390 қаралым