Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., Г.Н. Абуовамен бірге өткізілген мастер-класс

2016 жылдың 26 қаңтар күні жұқпалы арулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі  м.ғ.к.,  Г.Н.Абуованың  102 ММО магистранттарымен бірге «Особенности вирусного гепатита Е у беременных» - тақырыбында  мастер – класс өткізілді.

702 1

Мастер-класс өткізудің мақсаты: магистранттардың оқу – танымдық қызметін белсендіру  және белсенді ойлау  қабілетін жандандыру, «Особенности вирусного гепатита Е у беременных» тақырыбында ақпараттарды және тәжірибелік дағдыларды меңгеруді, білім беру жүйесінде жеке тұлғаның бағдарланған көзқарасын дамыту және тарату, оқу пәнінің мазмұнына қызығушылықты жүйелеу және болашақ мамандарды кәсіпке уәждемелеу.

Мастер-класс құрамы 4 модульден  тұрады, олардың әрқайсысы  белсенді оқыту әдістерінен тұрады және 3 бөлімге бөлінеді: оқыту, бақылау, бағалау.

1-ші модуль: PBL әдісімен мәселелі дәріс.

2-ші модуль: E-learning бөлшегін тәжірибелік сабақтарда пайдалану.

3-ші модуль: Магистранттардың ғылыми жобасын тәжірибелік сабақтарда пайдалану.

4-ші модуль: тәжірибелік сабақтарда case-study әдісін қолдану.

Мастер-класстың бастамасы «Особенности вирусного гепатита Е у беременных» атты тақырыбына еніп, түсіну үшін  магистранттарға  глосарий («Сөздік бұлт») ұсынылды және тақырып бойынша негізгі терминдердің этимология білімін көрсетті.

Мастер–классқа  ОӘО басшысы А.Г. Ибрагимова, КП ЖӘК төрайымы А.А. Сейдахметова және КП ЖӘК мүшелері, инновациялық технологиясының маманы А.В.Пан, кафедра оқытушылары және клиникалық базадан  дәрігер – инфекционист Оспанова З.А.   қатысты.

702 2

1-ші модульде: PBL -әдісімен мәселелі дәріс оқылды.

Мәселелі дәрістің негізгі сұрақтары:

·   ВГЕ – ң негізгі айғақтары

·   географиялық таралуы,  ВГЕ жүктемесі

·   ВГЕ  инфекциясының берілуі

·   жүкті әйелдерде  ВГЕ симптомдары, жүктілікке байланысты  сарғаюлармен  дифференциалды  диагноз жүргізу.   

·   ВГЕ диагностикасы

·   Жүкті әйелдерде  ВГЕ емі

·   ВГЕ алдын алуы

2-ші модульде  тәжірибелік сабақта E-learning элементтері пайдаланылды. E-learning, (ағыл. қысқартылған Electronic Learning) — электронды оқыту жүйесі, ақпараттық және электронды технологияның көмегімен оқыту. ЮНЕСКО мамандарыны анықтамасы: «e-learning — мультимедия және ғаламтор көмегімен оқыту».ЕО білім беру министрлерінің шешімі бойынша: жоғарғы білім беру жүйесінің реформалау мақсаты -100% - студенттер мен магистранттарға арналған этимологиясына 100% электронды түрде  оқыту  материалдар, 24х7х365 формуласымен оқытулық қызметін ұсыну (тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн , жылына 365 күн).

702 3

3-ші модульде магистранттар ғылыми жоба әдісін көрсетті.

Мастер-класс жобасының тақырыбы:

1.Сабақ тақырыбына сай біртума ғылыми мақаланы аудару. Ағылшын тілінен ғылыми мақаланы аудару сабақ бойынша білімін жетілдіріп қана қоймай әлемдік ғылыми бірлестікке үлесі барын сезінеді. Магистрантқа мынадай таңдау көрсетілді: оқытушымен ұсынылған мақаланы пайдалану немесе осы мәселеге байланысты өзі қызыққан мақаланы.

2.Жүкті әйелдердегі ВГЕ  ауыр түрлерін қазіргі уақыттың заманауи  емдеу әдістері.

4-ші модульде case-study әдісі қолданылды. Мастер-класс барысында  3 бейнекейс тапсырма пакетімен ұсынылды: диагнозды қою, ҚР бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес тексеру, емдеу жоспарларын құру, зертханалық тексеру нәтижелерін интерпретациялау, салыстырмалы диагностика жүргізу, дәлелді медицина бағытымен ем  тағайындау.

702 5

Сабақ соңында магистранттарға 5 минуттық эссе жазу ұсынылды: яғни  келесі 2 тапсырманы орындау – берілген тақырып бойынша не білгенін және қай сұраққа жауап ала алмағанын көрсету. Оқытушы оны келесі сабақты жоспарлауында пайдалана алады.   

702 6

Соңында магистранттарға кафедрада өткізілген мастер – класспен қанағаттандыру деңгейін анықтау мақсатында анкета ұсынылды. 

28.01.2016, 23:16
436 қаралым