«Жетім көрсең жебей жүр» қайырымдылық акциясы

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Жаңа жыл - жақсы істерді жасайтын тамаша уақыт! Жаңа жыл қарсаңында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен қалалық деңгейдегі «№1 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығында» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Қайырымдылық іс-шараның мақсаты - ата-ана меірімінен айырылған балаларға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, қоғамның қамқорлығын сезініп, ертеңгі күнге сеніммен қадам басуына жағдай жасау болып табылады.
«№1 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығында» кафедра ұжымы жаңажылдық сыйлықтарын сыйлады. Сонымен қатар балалардың ол жерден алып жатқан білімдерімен, тұрмыс-тіршілігімен танысып, тәрбиешілерімен тілдесті.
Педагогтар мен тәрбиелеушілердің айтуы бойынша, балалардың білімге деген, музыкалық, спорттық қабілеттерін терең ашуға қолдау көрсетіп, көмектеседі.
Жетім балаларға қамқорлық жасайтын, жағдайларына қарайласатын, қоғамның тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтары бар елдің ғана болашағы баянды, тәуелсіздігі тұрақты болмақ!!!

26.12.2023, 15:49
337 қаралым