«Зертханалардағы жұмысты ұйымдастыру мен жүргізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету» семинары
2023-2024 оқу жылында оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында тәжірибелік бағыт бойынша 2024 жылдың 18 қаңтарында «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының ұйымдастыруымен жұмыс берушілермен бірлескен «Зертханалардағы жұмысты ұйымдастыру мен жүргізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Сейтханова Бибігүл Төлегенқызы модератор болды.
Семинарда спикер ретінде «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы», бактериологиялық зертхана меңгерушісі Кульжанова Калдыгуль Джаппаровна «Обеспечение тревований биологической безопасности при работе с микроорганизмами в бактериологической лаборатории» тақырыбында, «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық», диагностикалық зертханасының дәрігер-зертханашысы Меняйкина Эвелина Алексеевна «Общие вопросы биобезопасности и биозащиты» тақырыбында, Шымкент обаға қарсы күрес станциясы, тірі дақылдар мұражайының меңгерушісі Шишкина Татьяна Сергеевна «Основы биологической биобезопасности в микробиологической лаборатории» тақырыбында, Шымкент обаға қарсы күрес станциясы, обалық зертхана меңгерушісі Шаймерденова Ботакоз Ергалиевна «Биологическая безопасность при организации и проведении работ в лаборатории ООИ» тақырыбында, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, «Биология және биохимия» кафедрасының аға оқытушысы Бейсебаева Ляззат Мухтаровна «Биобезопасность. Актуальность» тақырыбында және «Биология және биохимия» кафедрасының аға оқытушысы, SC&GL зертханасының ғылыми қызметкері Ажибаева-Купенова Дана Тынышбековна «ВГВ және ВГС диагностикасы кезінде ПТР боксы жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасалды.
Семинарға қонақ ретінде Шымкент обаға қарсы күрес станциясының басшысы Рәтбек Сайлаубекұлы, Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, клиникалық-диагностикалық зертхана мамандары Култасова Р.И. мен Есназарова С.М., оқу-әдістемелік орталық басшысының орынбасары Бергалиева Р.Н., әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Рашева Б.М., «Медициналық-профилактикалық іс» БББК төрайымы, м.ғ.к., доцент м.а. Ескерова С.У. қатысты.
Семинар қонақтары өз пікірлерімен бөлісіп, кафедра ұжымына тілектерін айтты. Баяндамалардан көп ақпараттар алынғандығы айтылды. Осындай іс-шаралар алда көп бола беруіне тілек білдірді.