"Зерттеу комитеттерін құру және әлеуетін арттыру" атты мастер-класс

2023 жылдың 27 ақпанынан 3 наурызына дейін Утрехт қаласындағы (Нидерланды) университеттік медициналық орталығында "Магистратура мен докторантурада бағалау критерийлерін жақсарту үшін зерттеу комитеттерін құру және әлеуетін арттыру" атты мастер-класс өтті. Мастер-класс жоғары білім берудің әлеуетін арттыру және реформалау жөніндегі инновациялық жобаларды іске асыратын Erasmus+ арқылы ЕО қаржыландыратын AccelEd ("Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистр және философия докторы деңгейінде мейіргер ісін дамытуды жеделдету") жобасы шеңберінде ұйымдастырылған.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының командасы "Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі" кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент Сейдахметова Айзат Әшімханқызы, кафедра ассистенттері, докторант Ходжакулова Умида Абдывалыевна, Әуезханқызы Дана, Юнусметов Элдор Шавкатұлы қатысты.
Мастер-класс жұмысына Утрехт университеттік медициналық орталығының (Нидерланды), Литва Медициналық ғылымдар университетінің (Каунас қ.), JAMK қолданбалы ғылымдар университетінің, Або академиясы университетінің (Финляндия) Еуропалық сарапшылары, Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің, Астана, Қарағанды медициналық университеттерінің, ҚазҰМУ-дың сарапшылары қатысты.

Қатысушылар Утрехт медициналық орталығында магистратура және PhD докторантура бағдарламаларында зерттеу комитеттерінің ұйымдастырылуымен, диссертацияларды бағалау рәсімі бойынша ұсынымдармен танысты.
Жеке зерттеу комитеттерін құру, бағалау критерийлері, магистрлік және докторлық диссертациялар үшін ұзақ мерзімді бағалау критерийлерінің қолданылуын тестілеу туралы панельдік сессияда қызықты сұрақтар талқыланды. Жұмыс барысында қатысушылар Еуропаның озық тәжірибесі негізінде зерттеу комитеттерін құру бойынша ұсыныстар, магистрлік және докторлық диссертацияларды бағалау критерийлерін әзірледі.

Қатысушылар командада жұмыс жасады, магистрлік және докторлық диссертациялар үшін қысқа мерзімді бағалау критерийлерінің қолданылуына тестілеу жүргізді.
Утрехт университетінің медициналық орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Қорытындылау кезінде барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

07.03.2023, 12:58
583 қаралым