Желтоқсан Оқиғасы – Тәуелсіздік Бастауы
Биыл тарихымызда үлкен орын алатын Желтоқсан оқиғасына 37 жыл толып отыр. Осыған орай желтоқсан айында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен А. Пушкин атындағы қалалық әмбебаб кітапханасында «Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздік бастауы» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Тәрбиелік іс-шараның мақсаты-Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын айқындап, жастардың бойында патриоттық қасиетті қалыптастыру.
Іс-шараға Желтоқсан оқиғасына қатысқан Исабек Сәбит Қалдыкөзұлы және Әуелбай Меруерт Асанкызы шақырылып, білім алушы жастармен кездесті. Келуші қонақтардың баяндау естеліктері жастардың бойларында патриоттық қасиеттерді қалыптастыра түсуге үлкен ықпал етті.
Тәрбиелік іс-шара барысында Медицина факультетінің 1-курс студенттері желтоқсан оқиғасына байланысты баяндама, өлең және күй орындап, Желтоқсан оқиғасынан сахналық көріністер қойды. Сәбит Қалдыкөзұлы кафедра және кітапхана қорына Желтоқсан оқиғасына арналған естелік кітапты сыйлады. Іс-шара тартымды, әсерлі болды.
Осы ретте аталған іс-шараны бірлесіп өткізуге ықпал жасаған А. Пушкин атындағы қалалық әмбебаб кітапхана мекемесінің басшылығына, ұжымына ризашылық білдіреміз, атап айтқанда абонемент секторының басшысы Аимбетова Венера Ауесханқызы және оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Темешова Жанат Әскербекқызына алғыс айтамыз.