Жеделдетілген академиялық бакалавр студенттерімен өткізілген ашық сабақ
«Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасында, кафедра ассистенті Ш.Д.Юсупова В-МІҚқБ 02-23 тобымен "Мейіргер ісіндегі экономика және маркетинг" пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ 2024 жылдың 26 ақпанында өткізілді. «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент А.А.Сейдахметованың, практикалық дағдылар орталығын бастығы Н.Ж.Калменовтың, практикалық дағдылар орталығының дәрігер-нұсқаушысы Г. С. Омированың, әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Б. М. Рашеваның, кафедра ассистенттерінің Р.Б.Аблатаева және Л.Ж.Жақаншаның қатысуымен өтті. Ашық сабақтың тақырыбы: Мамандарды даярлау және бағалау. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды басқару мәселелері.
Сабақ "Төңкерілген сынып" әдістемесі бойынша өткізілді, тәжірибелік сабақ барысында студенттер зерттеудің сапалық әдістерін талдау үшін зерттеу жұмысына әдеби шолуда отандық және шетелдік дерекқорларды қолдану дағдыларын, мейіргер ісіндегі зерттеудің сандық әдістерін, ғылыми жарияланымдарды оқу және сыни талдау дағдыларын, өз жұмыс орнында зерттеу жүргізуге арналған құралдарды және әдеби шолу жазуды игерді.
Студенттер мүмкіндігі шектеулі балаларға күтім жасау кезінде қанағаттану деңгейін арттыру, Trello қосымшасын қолдану бойынша зерттеу материалдарын көрсетті, " Төңкерілген сынып "оқыту әдісі бойынша бағдарламаға жүктеген деректерді көрсетті. Сабақ соңында студенттердің өзіндік жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды ұсыныстарармен жасалды.