«Үздіктер арасындағы үздік» атты зияткерлік ойын

661 1 1

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының қызметкерлерінің ұйымдасты-руымен 2015 жылдың 4 желтоқсанында «Медициналық-профилактикалық іс», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтарының 2 курс студенттерінің арасында «Үздіктер арасындағы үздік» атты зияткерлік ойыны өткізілді.

661 2 2

Іс-шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру және денсаулыққа қауіпті тәуелділікке қарсы тұру.

Зияткерлік ойынды «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенті Ворошилова Н. жүргізді. Негізгі сайыс 3 топтың арасында қанат жайды: «Энигма», «Play hard» және «Парадокс».

661 6 6 

Аталмыш іс-шара денсаулық туралы студенттердің білімін жүйелеуге, адам денсаулығын нығайту және оны сақтау тәсілдері, студенттердің  салауатты өмір салтына қажеттіліктерін қалыптастыруға, саналы зиянды әдеттер мен тәуелділіктерден бас тартуға, тәрбиелеу, студенттер арасында ізгілік қатынастарды тәрбиелеуге бағытталған.

Ойынның 3 туры нәтижесінде «Play hard» командасы жеңіске жетті, 2-ші орынға «Парадокс» командасы, 3-ші орынға «Энигма» командасы ие болды.

661 3 3

Соңында, кафедра менгерушісі, филос.ғ.к., профессор м.а. Қ.Б.Кемелбеков мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті және барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғысын айтып, келесі номинациялар бойынша  марапаттады: «Ең үздік команда - Play hard», «Ең үздік капитан - Арифханов А.» және «Ең үздік ойыншы - Попов И.».  

10.12.2015, 03:56
538 қаралым