«Үздіксіз медициналық білім берудің интернационализациясы: тенденциялар, болашаққа көзқарас» G-Global коммуникативтік алаңдағы бейнеконференция

Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология 2018ж. 26 сәуір күні G-Global  коммуникативтік алаңындағы «Үздіксіз медициналық білім берудің интернационализациясы: тенденциялар, болашаққа көзқарас» тақырыбында өткізілген жоғарғы оқу орындары арасындағы бейнекездесу режимінде өткізілген онлайн-конференцияға қатысты. Конференцияға төмендегі медициналық жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты: «АМУ» АҚ (Астана қ.), БҚММУ (Ақтобе қ.), ҚММУ (Қарағанды қ.), «ОҚМА» (Шымкент қ.), ҚазҰМУ (Алматы қ.),   ММУ (Семей қ.), сонымен қатар, «SOMNIUM» ЖШС  және «Samsung» компаниялары.

1139 1

«ОҚМА» АҚ фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., проф. Керимбаева З.А. «Дәрілердің өзара әсерлесуінің онлайн-чекерлері – қауіпсіз фармакотерапияны оқытудың құралы ретінде» тақырыбында баяндама жасады.

Фармакотерапияның қауіпсіздігін оқытудың құралы ретінде дәрілердің өзара әсерлесуінің онлайн-чекерлерін  енгізу, денсаулық сақтау мамандарының кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру үшін өте қажет. 

Дәлелді медицина бөлімінің бастығы доцент Ахмадиева К.Е.,  «ОҚМА білім беру үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу» тақырыбына;  ЖТД-2 кафедрасының ассистенті Есетова А.А., «ЖТД дәрігердің тәжірибесіндегі дәлелді медицина» тақырыбында инициативалық баяндамалар жасады.

Сонымен, инновациялық электрондық оқыту әдістерін білім беру үрдісі  мен тәжірибелік денсаулық сақтау ісіне енгізу  көптеген қателіктердің алдын алаға мүмкіндік береді.

03.05.2018, 22:01
346 қаралым