ҮЗДІК ОҚУ - ОЛИМПИАДАДАҒЫ ЖЕҢІС КЕПІЛІ

2021 ж. 15-16 сәуір аралығында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті базасында дистанционды режимде Фармация білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық қатысуымен Республи-калық студенттік олимпиада ұйымдастырылды. Осы іс-шарада фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, профессор С.К. Ордабаеваның жетекшілігімен ұйымдастырылған ОҚМА «High quality» командасы, оның ішінде Фармация факультеті студенттері Искаков Ришат, Кинаятова Адема, Төреханова Камила, Әбу Ақсәуле, Төлеген Жансая «Сапаны басқару» бағыты бойынша 1 жүлделі орынды иеленді.

1690 1

Олимпиадаға қатысуға «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асыратын Қазақстанның жоғары оқу орындары өтініш білдірді, атап айтқанда, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Астана медициналық университеті, И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы, М.Оспанов атындағы Шығыс-Қазақстан медициналық университеті, барлығы 11 команда қатысты.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде студенттер «Дәрілік заттарды талдау және зерттеудің жалпы әдістері», «Дәрілік түрлер технологиясы», «Фармацевтикалық қызметтерді ұйымдастыру», «Фармацевтикалық химия», «Фармацияны басқару және экономикасы», «Фармациядағы менеджмент және маркетинг», «Фармакогнозия» бейінді пәндері бойынша онлайн режимде тест тапсырды.

1690 2

Олимпиаданың екінші кезеңіне «Сапаны басқару», «Фармация менеджменті», «Клиникалық фармация» бағыттары бойынша ситуациялық есептерді шешу енгізілген.

Үшінші кезең үй тапсырмасы ретінде ұйымдастырылған, студенттер «Заманауи дәріхананың дизайны» тақырыбында бейнероликтер көрсетті.

ОҚМА «High quality» командасы өздерінің жарқын, ерекше таныстыруларымен әділ қазылар алқасының назарын бірден өздеріне аударды. Команданың атауы, эмблемасы мен ұраны қазіргі заманауи Фармацияның маңызды міндеттерінің бірі болып табылатын дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз етудегі ұрпақтар сабақтастығына негізделген.

1690 3

Кез-келген олимпиада – бұл дағдыларды, жинақталған білімді және өзіңізді тексеру мүмкіндігі. Біздің команда екінші турдың қойылған сұрақтарына жоғары деңгейде жауап беріп, ең жақсы нәтиже көрсете отырып, 1-ші орынға ие болды. Олимпиада қорытындысы бойынша жеке біріншілікте А. Кинаятова үшінші орынға ие болды

1690 4

«Заманауи дәріхананың дизайны» бейнеролигі қазылар алқасының мүшелеріне ғана емес, сондай-ақ қатысушыларға ерекше, креативті, өзекті идеялармен ұнады және жоғары ұпайлармен бағаланды.

Біз студенттердің жеке кәсіби жеңістері мен жалпы білім деңгейін көтеру кепілі болып табылатын білімге және кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға деген ұмтылыстарын қолдаймыз!

Студенттерімізді олимпиадада жоғары білім деңгейлерін көрсетулерімен құттықтаймыз, оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарына одан әрі жеңістер мен табыстар тілейміз!

1690 5

1690 6

23.04.2021, 08:23
625 қаралым