Өзбекстан жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессор-оқытушылар құрамы стоматология кафедрасының меңгерушісі А.Б.Шукпаров, микробиология кафедрасының меңгерушісі Б.Т.Сейтханова, жедел медициналық жәрдем және мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі А.А.Сейдахметова халықаралық қатысуымен Ташкент мемлекеттік стоматология институты (Өзбекстан Республикасы) өткізген «Халықтың денсаулығын сақтауды дамытудың заманауи жетістіктері мен перспективалары» атты І–ші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты.
Конференцияның мақсаты - халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге, сақтауға және нығайтуға, салауатты өмір салты үлгісін қалыптастыруды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесін құру.
Академия өкілдерін университеттің ректоры, профессор Ж.А. Ризаев қабылдады.
Профессор Б.Т.Сейтханова «Жаңа туылған нәрестелердегі негізгі биотоптардың микробиоценоздерін қалыптастыру динамикасы» атты баяндама жасады.