Жастар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын-алу

2024 жылдың 17-сәуірінде «Отбасылық медицина» кафедрасының ассистенті Тажиева А.Д жетекшілігімен ІЖТДҚ-13-22топ интерн-дәрігерлерімен бірлесе Шымкент қаласы №75 мектеп-гимназиясына «Жастар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын-алу тақырыбында семинар өткізді.
Мақсаты: Суицид туралы ұғымының мәнін түсіндіре отырып, оқушыларға адам өмірінің қымбат екендігін зерделеу, жаман ойларға, сыртқы әсерлерге берілмеу керектігін ұғындыру. Оқушылардың санасын дамыту,жеке бас гигиенасын сақтау, денсаулығын сақтай білуге үйрету, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу және алдын алу.
Іс-шараның басында алғашқы сөз кезегі «Отбасылық медицина»кафедрасының ассистенті Тажиева А.Д-ға берілді.
«Суицид және оның алдын алу жолдары» тақырыбында презентацияны IЖТДҚ-13-22 тобының дәрігер-интерні Исақбай А.Х және Парсаханова А.Е түсіндірме жұмыстарын жасап қорғады.
Іс-шараның соңында оқушылармен кері байланыс жүргізілді, оқушылар өздері қызығушылық танытқан сұрақтарын қойды. Оқушылардың қолына жеке брошюралар таратылды.
Мектеп әкімшілігі тарапынан іс шараны өткізген ОҚМА дәрігер-интерндерге және кафедра ұжымына зор ризашылықтарын білдірді.

23.04.2024, 18:15
240 қаралым